Шахан кенті тарихы
Шахан — Қарағанды облысы Шахтинск қалалық әкімдігіне қарайтын кент, кенттік округ орталығы. Шерубайнұра өзеннің оң жағалауында, Шахтинск қаласының солтүстігінде 12 км, Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 35 км жерде орналасқан. Тұрғыны 9,7 мың адам (2006). Іргесі 1950 жылы Қарағанды көмір алабының батыс қанатын игеруге байланысты қаланған.