Шахан кенті туралы

Шахан — Қарағанды облысы Шахтинск қалалық әкімдігіне қарайтын кент, кенттік округ орталығы. Шерубайнұра өзеннің оң жағалауында, Шахтинск қаласының солтүстігінде 12 км, Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 35 км жерде орналасқан. Тұрғыны 9,7 мың адам (2006). Іргесі 1950 жылы Қарағанды көмір алабының батыс қанатын игеруге байланысты қаланған. Кентте “Санно” ЖШС-і, су, электр энергиясымен қамтамасыз ететін “Арман” мемл. кәсіпорны, Қарағанды аудан энергетика кәсіпорнының бөлімшесі, “Энергосервискомпания” ЖШС-і, 60-қа жуық шағын бизнес нышандары жұмыс істейді. Кентте 3 мектеп, балабақша, кітапхана, мәдениет үйі, өнер мектебі, 2 емдеу мекемесі бар. Шахан Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск қалаларымен автомобиль жолдары арқылы байланысады.

Посёлок
Шахан
Страна
Казахстан
Область
Карагандинская
Город
Шахтинск
Координаты
Основан
1962
Площадь
28 км²
Население
8040 человек (2012)
Часовой пояс
UTC+6
Телефонный код
+772156
Почтовый индекс
101606
Шахан (Казахстан) (Казахстан)
Шахан